пятница, 24 апреля 2015 г.

CorelDRAW бағдарламасы


CorelDRAW бағдарламасы да бүгінгі күннің сұранысына ие .Негізгі міндеті – дизайн жасау, өңдеу. Дизайнерлер, архитектура саласының мамандары, журналистер, маркетинг  және түрлі маман иелері өз мақсаттарына байланысты тиімді қолданады.
Бұл бағдарлама фотошоппен байланысы болғанымен, өзіне тән ерекшеліктері бар. 
-         Түрлі материалдардың дизайн үлгілерін жасау;
-         Газет-журнал мұқабаларын дайындау;
-         Жарнама түрлері (банер, плакаттар, брошуркалар)
-         Видеоролик кезіндегі дизайн;
-         Сайттар, блогтар, порталдар;




Арнайы нұсқаулықпен берілген құралдары арқылы түрлі дизайн жасауға болады. Мысалы, кітап мұқабалары.  





Өнім дайындау үшін қолданылатын  нұсқаулықтар.

Визиткалар

Портфолиолар

Медиадизайн дегеніміз не?



Медиадизайн – бұқаралық ақпарат құралдарының дизайны. Ақпараттың мақсатты аудиториясына жетуі үшін оның мазмұны мен дизайн үйлесімділігі басты рөл атқарады. БАҚ-тың атауынан бастап, ақпараттың қандай қаріппен жазылатынына дейін медиадизайнерлердің құзырындағы шаруа. Мысалы газет дизайнын жасауды алайық.



Газет дизайнына кіріспес бұрын медиадизайнерлер анықтап алуға тиісті сауалдар бар. Алдымен, «Газет атауы қандай?». Бұл сауал төңірегінде газет атауының қандай стильде жазылатыны анықталады. Оның өлшемі, түсі, жазылу стилі ойластырылады. Себебі, газет атауы – газеттің логотипі.


Екінші сауал: «Басылым қандай қағазға басылып шығады?». Қағаздың бірнеше түрі бар, сәйкесінше оларға басылып шыққан ақпараттың сапасы да әртүрлі болмақ. Біреуіне қанық түстер жақсы басылса, келесісіне қанық түсті бояулар жайылып кетеді. Бұл суреттермен жұмыс үшін аса маңызды.

Қағаз мәселесі шешілгеннен кейін, дизайнер алдынан «Мақсатты аудитоиясы қандай және олар қалай ұсынылған ақпаратты қабылдай алады?», «Мәтіннің қандай өлшемде, қандай стильде жазылғаны дұрыс?» деген сауалдар шығады. Мысалы, ол саяси газет болса, оның дизайны салмақты болуы керек. Түстердің, қаріп түрлерінің де қатаң сақталуы міндетті. Ал, шоу-бизнес тақырыбында болса, тиісінше әрлеп, түрлі-түсті бояуларды еркін пайдалануға болады. Бұл енді басылымның мазмұны мен мақсатына байланысты. 

Adobe Photoshop бағдарламасымен жасалынған өнімдер










Adobe Photoshop бағдарламасы жайлы сөз қозғасақ, ең алдымен көз алдымызға фото елестейді .  Бұл бағдарламаның негізгі міндеті – фото өңдеу болып табылады. Алайда, дамыған заманның әсерінен бүгінде бұл бағдарлама бірнеше қызметтер атқарады.  Түсінікті болуы үшін қарапайым мысал келтіре кетейік, қолыңызға фотоаппаратты алып,қажет суретті түсірдіңіз. Әркез қөңіл қалаған фото бірден шыға қоймайды, егер сурет нашар шығып қалса, сіздің ойлауыңыздай болмаса, аса алаңдаудың қажеті жоқ. Барынша өз ыңғайыңызға сәйкестендіріп, арнайы фотошоп құрылғылары арқылы өзгертіп аласыз. Әп сәтте сіз ойлағаннан да әдемі дүние туындайды.   Ол үшін бағдарламаны іске қосқаннан кейін, қажет фотоны таңдайсыз.



Суретте көрсетілгендей, түсін, эффектілерін, қанықтығын өзгерту арқылы осындай нәтиже алуға болады.

Негізі атауы болғанымен, көбінесе бұл программаны жай ғана Photoshop (Фотошоп) деп атайды. Сондай-ақ бұл бағдарлама - графиктік файлдарды редактрлейтін ең мықты программалардың бірі. 

Оның келесі мүмкіншіліктерін атап көрсетейік:

• графикалық бейнелерді жоғарғы дәрежеде өңдеу

• қолданудағы қарапайымдылық пен жұмыс істеу мүмкіншілігі

• бейнелерді жасау және оны өңдеудегі адам ойының барлық қажеттілігін қамтамасыз етуі

• әр түрлі бейнелерді өңдеуді автоматтандырудағы кең мүмкіндіктері

• көптеген түстік профильдермен жұмыс істей алуы және оны қағаз бетіне шығару мүмкіндігі

• әртүрлі көркемдік эффектлерді жасауға арналған фильтрациялау командалардың көпшілігі










Бірнеше құрылғылардан тұратын бағдарламаның мүмкіндіктерінің күші соншалық, тіпті мынадай да сурет түрлерін жасауға болады.  Қарапайым суреттің қаншалықты өзгергенін байқаймыз.