пятница, 24 апреля 2015 г.

Медиадизайн дегеніміз не?



Медиадизайн – бұқаралық ақпарат құралдарының дизайны. Ақпараттың мақсатты аудиториясына жетуі үшін оның мазмұны мен дизайн үйлесімділігі басты рөл атқарады. БАҚ-тың атауынан бастап, ақпараттың қандай қаріппен жазылатынына дейін медиадизайнерлердің құзырындағы шаруа. Мысалы газет дизайнын жасауды алайық.



Газет дизайнына кіріспес бұрын медиадизайнерлер анықтап алуға тиісті сауалдар бар. Алдымен, «Газет атауы қандай?». Бұл сауал төңірегінде газет атауының қандай стильде жазылатыны анықталады. Оның өлшемі, түсі, жазылу стилі ойластырылады. Себебі, газет атауы – газеттің логотипі.


Екінші сауал: «Басылым қандай қағазға басылып шығады?». Қағаздың бірнеше түрі бар, сәйкесінше оларға басылып шыққан ақпараттың сапасы да әртүрлі болмақ. Біреуіне қанық түстер жақсы басылса, келесісіне қанық түсті бояулар жайылып кетеді. Бұл суреттермен жұмыс үшін аса маңызды.

Қағаз мәселесі шешілгеннен кейін, дизайнер алдынан «Мақсатты аудитоиясы қандай және олар қалай ұсынылған ақпаратты қабылдай алады?», «Мәтіннің қандай өлшемде, қандай стильде жазылғаны дұрыс?» деген сауалдар шығады. Мысалы, ол саяси газет болса, оның дизайны салмақты болуы керек. Түстердің, қаріп түрлерінің де қатаң сақталуы міндетті. Ал, шоу-бизнес тақырыбында болса, тиісінше әрлеп, түрлі-түсті бояуларды еркін пайдалануға болады. Бұл енді басылымның мазмұны мен мақсатына байланысты. 

Комментариев нет:

Отправить комментарий